Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН БАСТАЛДЫ

Қостанай облысы білім басқармасының өңірлік психологиялық қолдау орталығы «StressOFF: Қайта серпілу нұсқаулығы» атты тренингтер топтамасын бастады. Жоба колледж студенттерінің өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетін дамытып, күйзеліске төзімділігін арттыруға бағытталған.

– Сабақтар апта бойы Орталығымызда да, өңірдегі оқу орындарында да өтеді, – деді орталық директоры Елена Петренко. – Студенттік өмір сан алуан оқиғаға толы. Кейде жастар мазасыздық пен қобалжуды бастан кешіріп, эмоциялық тұрғыдан қажиды. Сондықтан олардың мұндай жағдайларды денсаулығына зиян келтірмей еңсере білуі аса маңызды. Біздің басты мақсатымыз – әр қатысушыға өзінің психологиялық күйін реттеудің қарапайым әрі күнделікті өмірде қолдануға болатын тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ қиын сәттерде сенімді көмекші болатын түсінікті чек-парақ ұсыну.

Орталық әзірлеген практикалық бағдарлама аясында студенттер денедегі ширығуды жылдам басуға, өзін-өзі бақылауды қалпына келтіруге, мазасыздықты жеңуге және эмоциялық қажудың алдын алуға көмектесетін дене жаттығулары мен тыныс алу тәсілдерін меңгереді.

Сонымен қатар марафон бағдарламасына позитивті ойлау мен уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар енгізілген. Олар оқу мен емтихан кезеңінде жүктемені дұрыс бөлуге көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, алған білім мен меңгерген тәсілдер жастарға бүгінгі оқу қиындықтарын сенімді еңсеруге көмектесіп қана қоймай, олардың болашақ ересек өмірі мен кәсіби қызметіне қажетті қажетті психологиялық тұрақтылығын нығайтады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап