Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

АЛМАТЫДАҒЫ РФММ-ДА ОҚЫТУ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ БАСТАЛДЫ

4–6 қараша аралығында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 35 кураторы, тәрбиешісі мен педагог-психологіне арналған оқыту семинарын өткізуде.


Семинардың мақсаты – мамандардың 7–11-сынып оқушыларының психологиялық әл-ауқатындағы қолайсыздық белгілерін ерте анықтау, алғашқы қолдау көрсету, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету және өзара үйлестірілген психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша практикалық құзыреттерін жетілдіру.


Іс-шара барысында қатысушылар өзіне зақым келтіру және суицидтік мінез-құлық жағдайларын анықтау мен оларға бастапқы әрекет ету алгоритмдерін меңгеріп, буллинг пен цифрлық қауіптердің алдын алу тәсілдерін қарастыруда. Сондай-ақ түрлі сала мамандарының өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруде.


Мамандардың дағдарыстық жағдайларда әрекет ету дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтауға, нақты жағдайларды талдауға, оқушыларды сүйемелдеудің жеке жоспарларын әзірлеуге, қажетті құжаттаманы жүргізуге және мамандар мен ата-аналар арасында жауапкершілікті бөлуге ерекше назар аударылады.

Семинар тренинг элементтерін, нақты жағдайларды талдауды және практикалық жағдаяттарды модельдеуді қамтитын оқыту практикумы форматында өтуде.


Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттері шегінде бастапқы әрекет ету алгоритмдерін қолдана алады, қауіптерді уақтылы анықтап, оқушыларды тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыра алады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап