Новости

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

🔰Алматыда «Family әнгіме»конференциясы өтті

Бүгін, 16 сәуірде Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен Достық үйімен бірлесіп «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырған «Family әнгіме»конференциясы өтті.

✔Конференцияға педагогтер мен мектеп директорлары қатысты, ата-аналар, аналар кеңесінің мүшелері және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері.

🎯Іс-шараның мақсаты– педагогтердің, ата-аналардың, қоғамдық құрылымдар мен ҚХА өкілдерінің отбасы институтын нығайтуға, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, сондай-ақ позитивті ата-ана болуды дамытуға және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы орта құруға күш-жігерін біріктіру.

✔Кездесу барысында қатысушылар заманауи сын қатерлер жағдайында саналы және позитивті ата-ананың дамуын талқылады, отбасы мен білім беру ұйымдары арасында тұрақты серіктестік қалыптастыру балалар үшін қауіпсіз және қолдау көрсететін білім беру ортасын құру.

💭«Бүгінде отбасы уақыттың жаңа сынақтарына тап болған кезде, мектептің, ата-ананың және бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Тек саналы ата-ана болу және өзара құрмет арқылы біз бақытты, сенімді және төзімді балаларды тәрбиелей аламыз. «Family әнгіме» конференциясы — бұл жай ғана талқылау емес, бұл әрбір баланың болашағы үшін бірлескен іс — қимылға апаратын жол», - деп атап өтті «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ» КеАҚ жетекші ғылыми қызметкері, сарапшы Мұхтаров Аманғали Хамидоллаевич.

✔Конференцияның пленарлық бөлімі аяқталғаннан кейін институт психологтері тренингтер өткізді, онда қатысушылар тәрбие мен білім беру саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылады, табысты кейстермен бөлісті, сондай-ақ өскелең ұрпақтың мүддесі үшін сектораралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар әзірледі.

✔Қатысушылар отбасылық құндылықтар мен балалардың әл-ауқатын одан әрі нығайту үшін осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Вопрос-Ответ