ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Балалардың әл-ауқаты, олардың өмір сүру, денсаулық, толыққанды даму және сапалы білім алу құқықтарын қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев мемлекет пен ұлттық білім беру жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінің стратегиялық бағдары деп жариялады.
2022 жылы балалардың әл-ауқаты индексінің іске қосылуы Қазақстандағы балалардың жағдайын жүйелі қадағалауға негіз болды.
"Өркен" балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың драйвері болуға, қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыруға жәрдемдесуге арналған.
МИССИЯСЫ
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін дамытуға қолқабыс ету.
МАҚСАТЫ
Қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыру.
НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
- Руханилық – жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жоғары өмірлік мағыналарға, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ұмтылу.
- Үздіксіз даму – балалар мен білім алушы жастардың адамгершілік-рухани білімін дамытудағы барлық процестердің заңды өзгеруі.
- Жауапкершілік – өз жұмысының нәтижелері, ғылыми-практикалық және білім беру қызметінің сапасы үшін қоғам алдында жауап беру қажеттілігін түсіну.
- Әдептілік – жалпыадамзаттық құндылықтарға, берік адамгершілік қағидаттары мен этикалық нормаларға сүйене отырып, өзіне, серіктестеріне, әріптестеріне қатысты дәйекті және адал ұстанымды ұстану.
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
- Заңдылық – Қоғам өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР заңнамасына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімдеріне, қоғамның жарғысына қатаң сәйкес жүзеге асырады.
- Алқалылық – шешімдерді қоғамның басқару органдары олардың функцияларына сәйкес алқалы түрде қабылдайды.
- Инновация – Қоғамның қызметі жеке тұлғаны дамыту, балалардың әл-ауқаты мен қолдауы саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге арналған.
- Транспаренттілік – Қоғам қызметі туралы дұрыс ақпаратты қамтамасыз ету, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін қызмет бағыттары бойынша міндетті ашықтық.
- Ынтымақтастық – Қоғамның барлық қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастың негізгі қағидасы, ортақ мақсатты түсінуге, өзара ізгі ниетпен, өзара сеніммен және бір-бірінің қадір-қасиетін танумен көрінетін рухани-адамгершілік бірлікке негізделген.
- Меритократия – Қоғам басқару принципін басшылыққа алады, оған сәйкес ұйымда әртүрлі деңгейдегі басшылар қажетті кәсіби құзыреттіліктері мен адамгершілік қасиеттері бар адамдар болуы керек: адалдық, әділеттілік, адамгершілік.
ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
- Қазақстандық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететін қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу (психологиялық денсаулық, өмір сапасы, әлеуметтік теңсіздікті төмендету үшін мүмкіндіктер іздеу, білім беру ортасындағы тәуекелдердің алдын алу (буллинг/кибербуллинг, стресс, күйіп қалу және т. б.)
- Қазақстандық балалардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін жайлы дамытушы білім беру ортасы мен әлеуметтік-мәдени кеңістік моделін жобалау, сынақтан өткізу және енгізу (буллинг/кибербуллинг, депрессиялық күйлер, балалар мен жасөспірімдердегі суицид ықтималдығының төмендеуі)
- Балалардың әл-ауқаты индексінің индикаторлары контексінде Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын педагогтердің, ұйымдардың қызметкерлерінің, ата-аналар жұртшылығының біліктілігін арттыру.
- Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерінде педагогтердің, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің, ата-аналар жұртшылығының қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-ресурстық сүйемелдеу
- Өскелең ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін негізгі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау, мүдделерін қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әлеуметтік әріптестік.
Аталған қызмет бағыттарын іске асырудың арқасында қазақстандық қоғамда балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады, суицидтің, аутодеструктивті, девиантты мінез-құлық көріністерінің төмендеуіне, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының азаюына (оның ішінде буллинг, киббербулинг), өмірлік қиын жағдайдағы балалар санының азаюына тұрақты үрдіс қамтамасыз етілетін болады.