«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: №19 ОРТА МЕКТЕБІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Сенім көпірі» облыстық жобасы аясында №19 орта мектебінде ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы — сенімді болашақ кепілі: отбасы құндылықтары мен өзара түсіністіктің рөлі» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
Мақсат — отбасы институтының маңыздылығын арттырып, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.
«Ice-breaker» бөлімінде орталықтың таныстырылым бейнеролигі көрсетіліп, қатысушылар арасында жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында орталық психологі Нұргүл Қалданова сергіту жаттығуын өткізді.
Орталықтың әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева «Отбасы құндылығы — бақытты болашақ кепілі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, ата-аналардың ішкі мүмкіндіктерін тану жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, отбасындағы тиімді қарым-қатынас, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, эмоционалдық қолдау көрсету және жанжалдарды дұрыс шешу жолдары кеңінен қамтылды.
«Networking» практикалық бөлімінде «Аяқталмаған сөйлем», «Ашық диалог» форматында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды, ата-аналар еркін пікір алмасып, тәжірибелерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.