Қоғамның комплаенс-қызметінің басшысы комплаенс-мамандарға арналған диалог алаңына қатысты
2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын
арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ-ның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Каттаубаева Маржан
Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі департаменті ұйымдастырған комплаенс-мамандарға арналған
диалог алаңына қатысты.
Іс-шара Халықаралық комплаенс күні аясында өткізіліп, комплаенс
саласында қызмет атқаратын 30 маманды біріктірді.
Диалог алаңы кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға,
комплаенс қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылауға,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу
тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларға қатысу мамандардың кәсіби құзыреттерін
дамытуға, ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы озық тәжірибелерді таратуға
ықпал етеді.
«ӨРКЕН» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін
дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қоғам
қызметінде адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын
жалғастыруда.