ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ӘЛ-АУҚАТ
Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектептің 9-сынып оқушыларына «Өмірге оң көзқарас: эмоционалдық әл-ауқат» тақырыбында психологиялық тренинг пен арт-терапиялық жұмыс өтті. Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологы Роза Кушкинбаева жүргізді.
Тренинг барысында оқушылар эмоцияларын тану, күйзелісті жеңу, жеке шекарасын сақтау, өз пікірін білдіру және өзгелердің шекарасын құрметтеу дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындады.
Арт-терапиялық жұмыс оқушылардың өзін-өзі тануына, эмоцияларын еркін білдіруіне және эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға ықпал етті.
Поделиться: