Жаңалықтар

image description
image description
icon

КЛУБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Мектептің психологиялық қызметіндегі қиын кейстерді талдау» тақырыбында «Ментор және мен» жас мамандар клубының кезекті отырысы өтті.

Мақсат — оқушының психологиялық саулығын сақтап, тұлғалық дамуына қолдау көрсету және оқу-тәрбие процесінде туындайтын қиындықтардың алдын алу.

Шара барысында орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева жас маман қызметінің маңызын атап өтті.

Орталық әдіскері, жоба жетекшісі Лаура Бердібекова «Топтық супервизия жүргізу» тиімділігіне тоқталды. Майра Сәрсенғалиева «Өзін-өзі бағалауы: төмен оқушымен жұмыс» және орталық психологі Орынгүл Сатпаева «Жалғыздық сезімі бар оқушы» тақырыптарында топтық супервизиялар жүргізді. Сондай-ақ, орталық әдіскері Айдана Мырзаханова «Эмоционалды күйді басқару» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Мектептің психологиялық қызметіндегі қиын кейстерді талдау — жауапкершілікті талап ететін күрделі процесс. Жүйелі талдау, ғылыми негізделген әдістер және кешенді көзқарас арқылы ғана тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады.

Психологтің сауатты жұмысы оқушының тұлғалық дамуына және білім ордасындағы психологиялық ахуалдың жақсаруына тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайларды кәсіби тұрғыда талдау — тиімді психологиялық көмектің маңызды бөлігі.

Мамандар топтық супервизия жұмысына белсенді қатысып, кейстерді талдады. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап