Жаңалықтар

image description
icon

СТУДЕНТТЕРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ

Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында  «Менің болашағым —  менің қолымда» атты ашық диалог алаңы өтті.

Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлнұр Советова қатысып, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерімен ашық форматта сұхбат жүргізді.

Мақсат — жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыру, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, маңызды құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ олардың белсенділігі мен болашаққа деген сенімін нығайту.

Кездесу барысында студенттер көтерген өзекті мәселелер талқыланды, кәсіби бағыт-бағдар беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап