Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

КОМАНДАЛЫҚ РУХТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова мен психолог Айдана Алданова Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде «SkillsCamp-2026» жазғы лагері аясында мектеп оқушыларына арналған психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, командалық рухты нығайтуға бағытталған психологиялық жаттығулар мен ұйымшылдықты, белсенділікті және шапшаңдықты талап ететін түрлі ойындарға қатысты.

Қатысушылар тапсырмаларды бірлесе орындау арқылы өзара сенімді қарым-қатынас орнату, бір-біріне қолдау көрсету және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Шара соңында оқушылар жағымды әсер алды, топпен тиімді жұмыс жасау дағдыларын жетілдіріп, ынтымақтастық пен өзара қолдаудың маңызын түсінді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап