Жаңалықтар

image description
icon

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ АТМОСФЕРАСЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Әсемхан Мәжитова мен Таңшолпан Жаңаберген «Campit» жазғы сауықтыру лагерінде демалушыларға арналған психологиялық тренинг өткізді.

Балалар топтық бірлікті нығайтуға бағытталған түрлі жаттығуларға қатысып, өзара қолдау көрсету мәдениетін қалыптастырды және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдірді.

Іс-шара балалардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қалыптастырып, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға ықпал етті.

Тренингке қатысушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Қорытындысында балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, өзара сенім мен сыйластықты нығайтты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап