Қауіпсіздік сабақтарының жаңартылған мазмұны және өткізу ерекшеліктері
2026 жылғы 2 қазанда «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік сабақтарының жаңартылған мазмұны және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өтеді.
Семинар барысында қауіпсіздік сабақтарының жаңартылған мазмұны, оларды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері талқыланады.
👥 Мақсатты аудитория: білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың қауіпсіздік сабақтарына жауапты қызметкерлері мен әдіскерлері.
👤 Модератор: п.ғ.к., доцент Б. Иманбекова, балалар әл-ауқатының қолданбалы зерттеулері департаментінің директоры.
📅 Күні: 2 қазан 2026 жыл
⏰ Уақыты: 11:00
💻 Форматы: онлайн
👥 Қатысушылар: 500 адам
Семинарға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мен әдістемелік орталықтарының жауапты қызметкерлері қатысады.