ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Қауіпсіздік сабақтарының жаңартылған мазмұны және оларды өткізу ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Онлайн форматта өткен іс-шараға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мен әдістемелік орталықтарынан 500-ге жуық жауапты маман мен әдіскер қатысты.
Іс-шара барысында қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ олардың мазмұнын жаңартудың әдістемелік тәсілдері қарастырылды.
Семинар аясында қатысушылар мына мәселелерді талқылады:
• балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы қауіпсіздік сабақтарының рөлі;
• қауіпсіздік сабақтарының мазмұнын жаңартудағы ведомствоаралық ықпалдастық;
• жаңартылған сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері;
• мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіздік сабақтарын өткізу тәсілдері;
• әдістемелік ресурстар және сабақ құрылымын жоспарлау;
• білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік сабақтарының мазмұны, әдістемелік тәсілдері және оларды тәжірибеде жүзеге асыру.
Жаңартылған мазмұнды тәжірибеде іске асыру мәселелеріне және мамандар арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Семинар соңында спикерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды талқылап, кері байланыс ұсынды.