Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ПЕДАГОГТЕРГЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Педагогикалық күйзеліс кезіндегі мамандарды эмоционалдық қолдау көрсету әдістері» атты педагогтерге арналған оқыту-семинары өтті.

Семинар мақсаты — педагогтердің кәсіби күйзелісін азайту, эмоционалдық ресурстарын сақтау, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету, стрессті басқару дағдыларын дамыту және күнделікті кәсіби қызметте өзін-өзі қолдау тәсілдерін үйрету.

Орталық директоры Меруерт Жұбандықова сөз сөйлеп, педагогтердің кәсіби қажуының негізгі себептерін атап өтті. Ол ұстаздардың эмоционалдық ресурстарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолдарын түсіндірді және стрессті басқарудың тиімді әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, күнделікті қолдануға болатын қарапайым, бірақ нәтижелі өзін-өзі қолдау тәсілдерін ұсынды.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева «Эмоциялық ресурсты сақтау — кәсіби табыстың кепілі» тақырыбында баяндама жасап, педагогтердің психологиялық тұрақтылығын сақтау, эмоционалды күйді реттеу және профилактикалық шараларды қолдану жолдарын түсіндірді.

Орталық психологі Бұлбұл Жиенбаева «Педагогикалық қызметтегі күйзелісті жеңуге бағытталған эмоционалдық қолдау әдістері» тақырыбында практикалық әдістемелерді таныстырды. Ол педагогтердің кәсіби күйзелісін жеңу жолдарын талқылап, эмоциялық ресурстарды арттыруға арналған жаттығулар көрсетті.

Семинар педагогтерге өз эмоциялық ресурстарын сақтау, кәсіби күйзелісті азайту және күнделікті жұмыста психологиялық тұрақтылықты арттыруға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап