Жаңалықтар

image description
icon

«ЕҢ ҮЗДІК ТРЕНИНГ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиеваның ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтеріне арналған «Ең үздік тренинг» облыстық байқауы өтті.

Байқау мақсаты — психологиялық қолдау саласында тәжірибе алмасып, үздік тренингтерді анықтау және мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Іс-шараға балабақшалардың педагог-психологтері қатысты, өздерінің авторлық тренингтерін таныстырып, интерактивті әдістері және тиімді психологиялық техникаларымен бөлісті.

Байқау қорытындысында 1-орынды — Г.Тоқмұратова (Байғанин ауданы), 2-орынды — І.Құрманғазықызы (Мұғалжар ауданы), Г.Жантілеуова (Темір ауданы), У.Маташова (Шалқар ауданы), 3-орынды — Г.Тұрар (Хромтау ауданы), Ю.Ускова (Мәртөк ауданы), А.Зинадин (Ырғыз ауданы) иеленді.

Қатысушылар «Ең үздік мотивациялық тренинг», «Ең тиімді психологиялық тренинг», «Инновациялық тренинг», «Авторлық тренинг», «Жылдық цифрлық тренинг», «Ең нәтижелі тренинг» номинацияларымен марапатталды.

Үздік атанған тренингтерге Диплом және Алғыс хаттар табысталды.

Жеңімпаздарды орталық директоры Меруерт Жұбандықова құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Байқау педагог-психологтердің шығармашылығын қолдап, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап