Жаңалықтар

image description
image description
icon

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында қаламыздағы мектеп директорларына арналған «Қауіпсіз орта қалыптастыру»: үйлесімді қарым-қатынас жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шара білім беру мекемелерінде қауіпсіз, қолайлы және қолдау көрсететін орта қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мектеп басшыларының кәсіби ынтымақтастығын арттыру сондай-ақ тиімді стратегиялар мен тәжірибелерді бірлесіп талқылауға бағытталды.

Дөңгелек үстелде облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып, облыстық денсаулық орталығының психологі, суицидолог Светлана Пошолченко және психолог-практик Орынгүл Сатпаева бала құқығын қорғау, аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу жөнінде маңызды мәліметтермен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Спикерлер бала қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстау қажеттігін, егер балада оғаш қылық байқалып немесе құқық бұзушылық орын алса, мәселені жасырмай, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдап, тиісті органдарға хабарлау керектігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, қатысушыларға зорлық-зомбылық, буллинг секілді келеңсіз оқиғаларға тап болған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы ақпарат жазылған жадынамалар таратылды.

Өз кезегінде мектеп басшылары сауалдарын қойып, ой бөлісті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап