ЖАСТАРҒА КЕҢЕС
Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова 8-10-сынып оқушыларына арналған «Жастарға кеңес» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Мақсат — жастар арасында патриоттық рухты қалыптастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттап, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың, буллинг пен лудоманияның алдын алу.
Іс-шара барысында оқушыларға маңызды ақпараттар түсіндіріліп, таратпа материалдар үлестірілді.
Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Поделиться: