ПЕДАГОГТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
№31 орта мектебінде «Педагогтің психологиялық тұрақтылығы» тақырыбында педагогтерге арналған кездесу өтті.
Кездесуді «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева жүргізіп, мұғалімдердің кәсіби қызметінде жиі кездесетін психологиялық қиындықтар, эмоционалды қысым және жұмыс жүктемесіне байланысты стресспен күресу жолдары талқыланды.
Семинар барысында педагогтерге тиімді коммуникация, өзімен жұмыс жасау, күйзеліске қарсы ішкі ресурстарды күшейту тәсілдері ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, күнделікті жұмыста психологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдарын талқылады.
Күн тәртібінде психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, эмоционалды денсаулықты қолдау, стресс факторларын анықтау және оларды басқарудың заманауи әдістері қамтылды.
Іс-шара стресстің алдын алып, жұмыс барысында туындайтын эмоционалды жүктемені жеңілдетуге, өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.