Жаңалықтар

image description
image description
icon

КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі педагогтерімен «Жасөспірімдермен сенімді байланыс орнату» тақырыбында кездесу өткізді.

Мақсат — жасөспірімдермен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін дұрыс түсіну арқылы тиімді коммуникация құру және колледждегі қолайлы тәрбиелік ортаны нығайту.

Шара барысында маңызды мәселелер талқыланды:

Жасөспірімдер психикасының даму кезеңдері

Сенім қалыптастырудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары

Тұлғалық қолдау көрсету тәсілдері

Педагог пен студент арасындағы өзара сыйластықтың рөлі

Қиын жағдайдағы жасөспіріммен дұрыс сөйлесу мәдениеті

Педагогтер өзара тәжірибе алмасты, түрлі жағдайлық мысалдарды талқылап, тиімді қарым-қатынастың жаңа әдістерін меңгерді.

Кездесу колледждегі тәрбиелік және психологиялық қолдау жұмыстарын нығайтуға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап