Жаңалықтар

image description
icon

ӨМІРІҢДІ БАҒАЛАЙ БІЛ!

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова №78 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен «Өміріңді бағалай біл!» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді.

Мақсат — оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, өмірлік қиындықтарға төтеп беруге үйрету.

Іс-шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірдің мәні мен құндылықтары туралы ой қозғады. Топтық және жеке тапсырмалар арқылы бір-біріне қолдау көрсету дағдылары нығайтылды.

Оқушылар өмірге деген позитивті көзқарасты қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін бағалай білуді үйренді.

Сабақ соңында оқушыларға арнайы жадынамалар таратылып, күнделікті өмірде қолдануға арналған кеңестер берілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап