Жаңалықтар

image description
image description
icon

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің ата-аналар жиналысына қатысып, жасөспірімдер қауіпсіздігі, психологиялық әл-ауқаты және отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында ата-аналарға жасөспірім психологиясының ерекшеліктері, баламен ашық және сенімді қарым-қатынас орнату жолдары, қауіпсіз орта қалыптастырудағы ата-ананың рөлі, колледж бен ата-ана серіктестігінің маңызы туралы ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Осындай кездесулер ата-аналардың белсенділігін арттырып, студенттердің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап