Жаңалықтар

image description
image description
icon

ПІКІР АЛМАСУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейтова №27 мектеп-лицейінің 9-10-сынып оқушыларымен «Өзара сенім мен ынтымақтастық» тақырыбында пікір алмасу өткізді.

Мақсат — білім алушылардың бір-бірін жақсырақ тануына және пікір алмасу арқылы сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік жасау. Ортақ мақсатқа жету үшін ынтымақтастықтың маңызын түсіндіру және оны тәжірибеде қолдану жолдарын талқылау. Коммуникациядағы ашықтық, тыңдай білу, жауапкершілік секілді сенімді нығайтатын қасиеттерді анықтау.

Іс-шара барысында түрлі жаттығулар ұйымдастырылды. Тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, талқыланды.

Пікір алмасу соңында білім алушылармен «Шешілмейтін түйін жоқ» атты жаттығу жүргізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап