«КАСПЕРСКИЙ ЗЕРТХАНАСЫ» БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН КИБЕРГИГИЕНА СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ
Институттың қолдауымен және «Касперский зертханасы» серіктестігімен «Кибергигиена» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға балалардың онлайн-қауіпсіздігі бағытының жетекшісі Андрей Сидоренко қатысты.
Семинар ақпараттық және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, онлайн-қауіптердің алдын алуға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын жауапты пайдалануға арналды.
Семинарға балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін психологтер мен мамандар, сондай-ақ білім беру және әлеуметтік сала өкілдері қатысты. Олар цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және ақпараттық ортада саналы әрекет етуге мүдделі болды.
Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер жиі ұшырасатын цифрлық ортадағы өзекті қауіптер қарастырылды, кибергигиенаға қатысты практикалық құралдар ұсынылды. Сонымен қатар, ақпараттық жүктеменің артуы жағдайында цифрлық күйзелісті азайту және психологиялық амандықты сақтау әдістері талқыланды.
Семинардың өткізілуі мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және жас ұрпақпен жұмыс барысында онлайн-қауіптердің алдын алу жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосты.