Жаңалықтар

image description
image description
icon

ДИАЛОГТІК АЛАҢ ФОРМАТЫНДАҒЫ СЕМИНАР

«JАN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс студенттерімен «Салауатты орта құру: мейірімділік пен жауапкершілік негіздері» тақырыбында зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған диалогтік алаң форматында семинар өткізді.

Мақсат — оқу орнында қауіпсіз, мейірімді және қолдауға негізделген психологиялық ахуал қалыптастырып, студенттердің қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинар барысында практикалық жаттығулар, пікір алмасу және ашық сұхбат ұйымдастырылып, зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары мен алдын алу жолдары талқыланды. Сонымен қатар тақырып аясында бейнеролик көрсетіліп, талдау жүргізілді.
Диалогтік алаң форматындағы семинар студенттердің өз ойын еркін білдіріп, жауапкершілік пен мейірімділік құндылықтарын терең түсінуіне, сондай-ақ салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын сезінуіне мүмкіндік берді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап