ШАРДАРАДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің 2025-2026 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес, Түркістан облысы, Шардара ауданы Жаушықұм мектеп-лицейі базасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаға қатысты көрсетілген авторитарлы қысымның себептері және алдын - алу жолдары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің жұмысындағы авторитарлық көріністерді анықтап, оларды азайтуға бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсынымдар мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Семинарға Жетісай, Мақтаарал және Келес аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтер қатысты.