«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: АЛҒА АУДАНЫ
Ақтөбе облысы В.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде «Ашық диалогтік алаң: Сенім көпірі» жобасы аясында «Ата-ананың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өтті.
Мақсат — ата-аналардың құқықтық және психологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ отбасында қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға қолдау көрсету.
Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі, жоба жетекшісі Алмажан Қоғамбаева жүргізді.
І бөлімде мамандар ата-аналардың құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлін түсіндірумен қатар, тұлғалық дамуына қатысты пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар ата-аналардың сұрақтары мен мәселелері бойынша жеке қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
ІІ бөлімде психологтар ата-аналарға арналған тәжірибелік жаттығулар мен тренингтер өткізіп, эмоцияны басқару, ішкі ресурстарды тану және бала тәрбиесінде сенімділік қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізді.