Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
«Білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді біз педагог рөлін күшейтудің стратегиялық қадамы ретінде қарастырамыз. Жасанды интеллект мұғалімге тән емес бірқатар міндеттерді өз мойнына алып, оның көмекшісіне айналады. ChatGPT Edu сияқты құралдар педагогтердің интеллектуалдық көмекшісі болып, мүмкіндіктерін кеңейтеді және әрбір білім алушының жеке қажеттілігіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жасанды интеллект дайын жауап көзі емес, ойлауды, жауапкершілікті және цифрлық мәдениетті дамытуға арналған ресурс. Ол дайындық деңгейі әртүрлі білім алушыларға арналған сараланған оқу материалдарын жедел әзірлеуге, кері байланыстың тиімділігін арттыруға және заманауи технологиямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі»,- деді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.