Жаңалықтар

image description
icon

ЭМПАТИЯ — ПЕДАГОГТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова №84 орта мектебінде ұстаздарға арналған «Эмпатия — педагогтің негізгі құралы» тақырыбында практикалық тренинг өткізді.
Мақсат — педагогтердің эмпатиялық дағдыларын дамытып, оқушымен тиімді қарым-қатынас орнату және жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
Тренинг барысында қатысушылар эмоцияны тану, тыңдай білу, өзгенің көзқарасын түсіну бағытында практикалық жаттығулар орындап, жағдаяттық тапсырмалар арқылы тәжірибе алмасты, топтық талқылау жүргізді.
Сонымен қатар МАК карталармен жұмыс жасалды, әріптестер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты, кәсіби рефлексия жасады.
Тренинг ұстаздардың өзара түсіністігін арттырып, педагогикалық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап