ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ДАМУ, ҚОЛДАУ, СЕНІМ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының білім бөлімінде «Педагогикалық-психологиялық қызмет: қолдау, белсенді тыңдау, түзету-дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сеитова қатысып, психологиялық қолдау көрсету, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және педагог-психологтердің кәсіби дамуы бағытында мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Тәжірибе алмасу мен кәсіби өзара ықпалдастыққа бағытталған бұл кездесу білім бөлімі жанынан ашылған «Жан шуағы» жеке психологиялық кеңес беру кабинетінің салтанатты ашылу рәсімімен жалғасты.
Психологиялық кеңес беру кабинеті — өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Қазіргі таңда балалардың эмоционалдық тұрақтылығы мен психикалық денсаулығы маңызды. Осы орайда, «Жан шуағы» психологиялық қолдау кабинеті оқушылар мен ата-аналарға және педагогикалық ұжымға кәсіби психологиялық көмек көрсететін сенімді әрі қауіпсіз орта болады деп сенім білдіреміз.