Жаңалықтар

image description
icon

ЭМОЦИЯНЫ ТАНУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтеріне арналған «Ерте жастағы балалардың эмоциясын тану және реттеу» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Мақсаты — мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтерінің  кәсіби құзыреттілігін арттырып, ерте жастағы балалардың эмоциясын тану және реттеу ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін тереңдету, сондай-ақ балалардың эмоционалдық дамуын қолдауға бағытталған тиімді психологиялық әдіс-тәсілдерді практикада қолдануға үйрету.

Іс-шара барысында орталық директоры Меруерт Жұбандықова сөз сөйлеп, балабақша жасындағы балалардың эмоциялық ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Семинар-практикум психолог Бұлбұл Жиенбаеваның сергіту сәтімен жалғасын тапты. Орталық директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева «Мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоциясы» тақырыбында баяндама жасап, эмоция түрлерімен таныстырып, балалардың эмоцияны тануы мен реттеуіне бағытталған тиімді әдістерді ұсынды.

Сонымен қатар, психолог Нұргүл Қалданова «Баланың ішкі әлемі: эмоциямен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында практикалық жаттығулар өткізді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап