КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында егеменді еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып қатысып, ұжым мүшелерін мемлекетіміздің Ата Заңы — Конституция жобасының негізгі ережелерімен таныстырып, енгізіліп отырған өзгерістердің мазмұнын түсіндірді.
Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген басты өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар ұсынылған өзгерістердің елдің жарқын болашағы мен қоғамдық-саяси дамуына оң ықпал ететінін атап өтіп, республикамыздың бас құжатын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.