АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Zoom платформасында аудан және қала әдіскерлерімен онлайн жиын өтті.
Жиынға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова, директордың орынбасары Майра Сәрсенғалиева және баспасөз хатшысы Сағымбек Ұлықпанов қатысты
Күн тәртібінде өткен жылдың қазан-желтоқсан айларында облыс аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша «Психолог кеңесі» айдары аясында жүргізілген тікелей эфирлер мен газет жарияланымдары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды.
Онлайн форматта өткен жиын барысында Меруерт Жұбандықова аталған бағыттағы жұмыстарға тоқталып, бұл іс-шараларды алдағы уақытта да одан әрі жүйелі түрде жандандыру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айынан бері орталықтың бастамасымен алғаш рет аудан және қала психологтарының жұмысын жергілікті газет бетінде ақпараттандырып, насихаттау мақсатында аудандардың басылым бетінен «Психолог кеңесі» айдары аясында психологиялық тақырыптарда тұрақты түрде мақалалар жарияланып келеді.
Сонымен қатар білім бөлімдерінің және мектептердің ресми Instagram парақшаларынан ата-аналармен жұмысты жетілдіріп, диалог орнату мақсатында «Психолог кеңесі» айдары бойынша психологиялық тақырыптарда тұрақты түрде тікелей эфирлер ұйымдастырылып жатыр.
Бұдан бөлек, өткен жылдың желтоқсан айында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында онлайн форматта «Үздік психолог кеңесі» атты облыстық тікелей эфир байқауы өткізіліп, үздік мамандар анықталды.