Жаңалықтар

image description
icon

ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева, бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова, әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева №5 орта мектебінде, Әл-Фараби атындағы №21 мектеп-гимназиясында, Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектебінде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында мамандар психологиялық-әлеуметтік қызметтің ұйымдастырылу деңгейін, құжаттаманың жүргізілу сапасын, сондай-ақ тәжірибелік бағыттағы жұмыстарды талдады.

Нәтижесінде білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік ұсынымдар беріліп, қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап