Жаңалықтар

image description
image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: №28 ОРТА МЕКТЕБІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «EQ-LAB» оқушыларға арналған жобасы аясында №28 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына орталық әдіскері Ботагөз Қосмағамбетованың ұйымдастыруымен «Эмоциялар лабораториясы» атты ойын түріндегі тренингтер сериясы өтті.

Мақсат — оқушылардың өз эмоцияларын тануына, оларды басқаруды үйренуіне, сондай-ақ өзара түсіністік пен эмпатияны қалыптастыру арқылы тұлғалық дамуына қолдау көрсету.

Іс-шара барысында білім алушылар эмоцияларымен бөлісіп, ішкі сезімдері мен әсерлерін ашық жеткізді.

Тренинг аясында оқушылардың эмоциялық тәжірибесін бейнелейтін шағын бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық-профилактикалық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, эмоциялық сауатты арттыруға бағытталған ойындар, топтық тапсырмалар мен тәжірибелік жаттығулар ұсынылды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап