Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

Өз құқығын білу – психологиялық саулықтың кепілі

«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия базасында 7–8 сынып оқушыларына арналған «Менің құқығым – менің қорғаным: жасөспірімнің психологиялық саулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің өз құқықтары туралы түсінігін кеңейту, психологиялық саулықтың маңызын ұғындыру, сондай-ақ бала құқығын қорғау тетіктері мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге барлығы 70 оқушы қатысты. Шара барысында «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің психологтары Мереке Тілеуова мен Салтанат Сейдилазимова жасөспірімдермен ашық форматта пікір алмасып, баланың жеке шекарасы, құқықтары, эмоциялық күйзелістердің алдын алу және көмекке жүгінудің жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап