Жаңалықтар

image description
image description
icon

ИНТЕРВИЗИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Ментор және мен» жас мамандар клубының «Қиын жағдайлармен жұмыс» тақырыбында интервизиялық кездесуі өтті.

Іс-шара қатысушылардың кәсіби тәжірибесінде кездесетін қиын жағдайларды талдап, өзара тәжірибе алмасу арқылы тиімді шешу жолдарын анықтау және кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталды.

Орталық директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева жас маман қызметінің кәсіби маңыздылығына тоқталды. Орталық әдіскері, жоба жетекшісі Лаура Бердібекова «Кеңес беру дағдылары» бөлімі бойынша мамандарға тәжірибелік ұсыныстар жасады.Сонымен қатар, Майра Сәрсенғалиева МАК-терапия әдістерін қолдану арқылы кеңес беру тәсілдері туралы ақпарат берді.

Орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова психодрама терапиясындағы «Кешірім жәшігі» техникасын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Интервизиялық кездесу мамандардың өзара тәжірибе алмасуына және күрделі жағдайларды бірлесе талқылауына бағытталған кәсіби алаң болды. Қатысушылар мектептегі психологиялық қызмет барысында кездесетін күрделі кейстерді тең дәрежеде талдап, тәжірибе алмасты.

Мамандар топтық супервизия жұмысына белсенді қатысып, кейстерді жан-жақты талдады. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап