Жаңалықтар

image description
icon

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

 «Joo High School Aqtobe» жеке меншік білім беру ұйымында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін күшейтуге бағытталған әдістемелік көмек көрсетіліп, «EQ-Lab» оқушылар студиясы жобасы аясында мазмұнды психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева мен әдіскер Ботагөз Қосмағамбетова өткізді.

Мақсат — оқушыларға жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіп, олардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайту, сондай-ақ білім беру кеңістігінде тиімді тәжірибе алмасу мен практикалық әдістемелік көмек ұсыну.

Тренинг барысында оқушылардың эмоциялық күйін тұрақтандыру, өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, сенімді қарым-қатынас орнату, ішкі әлеуеті мен ресурстарын ашуға бағытталған интерактивті жаттығулар мен тәжірибелік тапсырмалар жүргізілді.

Қатысушылар өз сезімдерін тануға, ойын еркін жеткізуге және бір-бірімен қолдаушы ортада өзара әрекет етуге мүмкіндік алды.

Нәтижесінде оқушылар тренингтен жаңа серпін алып, сенім мен қолдау сезімін нығайтып, күнделікті өмірде және оқу үдерісінде қолдануға болатын практикалық дағдыларды меңгерді.

Аталған іс-шара мектептегі психологиялық қызмет сапасын арттыруға және оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға маңызды үлес қосты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап