Жаңалықтар

image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: «125 HIGH SCHOOL AQTOBE»

Ақтөбе қаласындағы «125 High School Aqtobe» жеке меншік білім беру ұйымында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсетіліп, «EQ-Lab» оқушыларға арналған студия жобасы аясында психологиялық тренинг өтті.

Іс-шара мақсаты — оқушыларға жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіп, олардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайту, сондай-ақ білім беру кеңістігінде тиімді тәжірибе алмасу мен практикалық-әдістемелік көмек ұсыну.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Ботагөз Қосмағамбетова мен Айдана Мырзаханова оқушыларға арналған әсерлі әрі нәтижелі психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап