ЗЕРДЕЛЕУ: БОПАЙ ХАНЫМ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІ
Ақтөбе қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі зерделеніп, сүйемелдеу және әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілді.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп пен әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева Бопай ханым атындағы жоғары медициналық және Ақтөбе жоғары политехникалық колледждерінде педагогикалық-психологиялық қызметтің ұйымдастырылу деңгейін зерделеді.
Зерделеу барысында психологиялық-әлеуметтік қызметтің құжаттамалық жұмыстарына жан-жақты талдау жұмыстары жүргізіліп, тәжірибелік бағыттар мен білім алушыларға көрсетілетін психологиялық қолдау деңгейі бағаланды.
Сонымен қатар әдістемелік ұсынымдар беріліп, қызметті жетілдіру бойынша нақты бағыттар ұсынылды.