Жаңалықтар

image description
image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында Ақтөбе облысының Алға, Темір, Хромтау, Қарғалы және Байғанин аудандары білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтардың қатысуымен әдістемелік күн өтті.

Мақсат — білім беру ұйымдарында психологиялық-әлеуметтік және педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жұмысты жетілдіру.

Күн тәртібінде 15 наурызда өтетін Конституциялық реформаның мақсаттары талқыланды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру бағыттары қарастырылды.

Қатысушыларға келесі нормативтік құжаттар бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді:Буллингтің алдын алу,Кибербуллингке қарсы іс-шаралар,Аутодеструктивті мінез-құлық белгілерін анықтау,«ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы. 

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап