Жаңалықтар

image description
icon

ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК: №3, №77 ЖӘНЕ Х.ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №35 ОРТА МЕКТЕПТЕРІ

Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева, бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова мен әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева №3, №77 және Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектептерінде болып, зерделеу, әдістемелік қолдау және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында мамандар психологиялық-әлеуметтік қызметтің ұйымдастырылу деңгейін, құжаттаманың жүргізілу сапасын, сондай-ақ тәжірибелік бағыттағы жұмыстарды талдады.

Нәтижесінде білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік және қызметтің тиімділігін арттыруға арналған нақты ұсыныстар берілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап