Жаңалықтар

image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: «ABYROI SCHOOL»

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «Abyroi School» жеке меншік білім беру ұйымында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар «EQ-Lab» оқушыларға арналған студия жобасы аясында мазмұнды тәжірибелік психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты — білім алушыларға жан-жақты психологиялық қолдау көрсетіп, олардың эмоционалдық саулығын нығайту, сондай-ақ білім беру ортасында тиімді тәжірибе алмасу арқылы практикалық-әдістемелік көмек ұсыну.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова мен психологі Жұлдыз Ибашева оқушыларға әсерлі психологиялық тренинг өткізді.

Қатысушылар тәжірибе алды, өзара белсенді жұмыс жасап, жағымды эмоциялармен бөлісті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап