ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
Ақтөбе облысы Темір ауданы білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ алдындағы мазасыздықты азайту» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Жасөспірімдердің психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру мақсатында өткен қолдау сабағына 15 мектептен 346 оқушы қатысты. Сабақты «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова жүргізді.
Орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова «Психологиялық саулықтың маңыздылығы» тақырыбына тоқталып, білім алушыларға сәттілік тіледі.
Психологиялық қолдау аясында Лаура Бердібекова мектеп түлектерімен бақытты тиімді басқару, өзіне сенімділікті дамыту, мотивацияны арттыру бағытында «Жетістікке жету» және «Сенімділікті арттыру» тақырыптарында топтық практикалық жұмыстар жүргізді.
Онлайн кездесу барысында білім алушыларға өмірдің мәні мен құндылығы түсіндіріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік емтихан — өмірдің тек бір кезеңі екені, тұлғаның толық бағасы болмайтыны айтылды.
Қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге арналған психологиялық әдіс-тәсілдер ұсынылды: тыныс алу жаттығулары, уақытты тиімді жоспарлау, позитивті ойлау дағдылары.
Білім алушыларға өз қабілетіне сену, өзін қолдау және эмоцияны басқару жолдары көрсетілді. Кездесу соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.