ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Ақтөбе қаласындағы жекеменшік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Гүлнұр Советова мен Гүлжанат Сейітова «Самғау» бастауыш және «Шаңырақ» орта мектептерінде әдістемелік қолдау жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында:педагог-психологтердің қызметті ұйымдастыру деңгейі, құжаттаманың жүргізілу сапасы,тәжірибелік бағыттағы жұмыстар жан-жақты талданды.
Сонымен қатар, оқушылармен «Эмоционалды интеллектің маңыздылығы» тақырыбында топтық жаттығулар өтті. Нәтижесінде білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік тұрғыда нақты ұсыныстар беріліп, қызмет тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.