ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС: ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ АЛГОРИТМІ
Ақтөбе облысы аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен колледж директорларына және қалалық білім бөлімінің басшысы мен білім беру ұйымдарының директорларына арналған бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға облыстық білім басқармасы, бала құқықтарын қорғау басқармасы, психикалық денсаулық орталығы және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысып, ведомствоаралық өзара әрекеттесу тетіктерін нақтылады.
Қарастырылған негізгі бағыттар:
Тәуекел топтағы балаларды ерте анықтау
Психологиялық, әлеуметтік және медициналық сүйемелдеу алгоритмі
Аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу
Білім беру ұйымдарының жауапкершілік аймақтары
Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жұмыс тәртібі
Жиын барысында білім беру ұйымдары мен құзырлы мекемелер арасында бірыңғай алгоритм енгізу, балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарды жүргізіп, оны күшейту қажеттілігі атап өтілді.