Жаңалықтар

image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ «EQ-LAB» ЖОБАСЫ

Ақтөбе қаласы «Smart bilim» мектеп-гимназиясы жекеменшік білім беру ұйымында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік қолдау көрсетіліп, «EQ-Lab» жобасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өтті.

Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова ұйымдастырып, білім алушылармен сенімді әрі ашық диалог алаңы қалыптастырылды.

Тренинг мақсаты — жасөспірімдерге кешенді психологиялық қолдау көрсетіп, эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, ішкі ресурстарын тануға бағыт беру және білім беру кеңістігінде өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Жұмыс барысында қатысушылар эмоцияны тану және реттеу дағдыларын жетілдіріп, өзін-өзі тану қабілеттерін тереңдете түсті.

Интерактивті жаттығулар мен практикалық тапсырмалар арқылы сенімді қарым-қатынас орнату, өз ойын еркін жеткізу және қиындықтарға төзімділікпен қарау сияқты маңызды құзыреттер дамытылды.

Тренинг соңында оқушылар өздерінің ішкі күшін сезініп, болашаққа сеніммен қарауға мотивация алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап