Жаңалықтар

image description
icon

«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» – ұрпақтар сабақтастығының тағылымды кездесуі

№149 ЖББМ-де «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында тағылымы мол шеберлік сабағы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің тәрбиелік рөлін насихаттау және жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Кездесу барысында Әжелер клубының мүшелері оқушылармен еркін пікір алмасып, қазақ қызының тәрбиесі, салт-дәстүрдің маңызы, үлкенді құрметтеу мен кішіге қамқор болу туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеден сыр шертетін әсерлі жауаптар алды.

Шеберлік сағатында ұлттық қолөнер үлгілері көрсетіліп, бата беру дәстүрі таныстырылды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық рухты жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың жүрегіне ұлттық тәрбие дәнін сеуіп, отбасы құндылықтарын қадірлеуге үндейді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап