Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ ВЕБИНАРЛАР БАСТАЛДЫ

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты еліміздің мектептері мен колледждерінің педагогтеріне арналған аймақтық вебинарлар сериясын өткізуде.

Вебинарларға тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтер, сынып жетекшілері және білім беру ұйымдарының кураторлары қатысады.

Вебинарлардың тақырыбы – «Баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсететін орта құрудағы «ДосболLIKE» бағдарламасының және жеке қауіпсіздік сабақтарының рөлі».

Вебинар барысында бағдарламаны енгізудің практикалық тетіктері, антибуллингтік командалардың жұмысын ұйымдастыру, диагностика мен мониторинг құралдары, сондай-ақ оқушылардың жобалық қызметі буллингтің алдын алудың тиімді құралы ретінде қарастырылуда.

Вебинарлар Zoom платформасында арнайы аймақтық кесте бойынша онлайн форматта өткізіліп, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтиды. Қосымша вебинарлар 27 ақпан, 11 және 13 наурызда өтеді.

Вебинарлар кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ретінде күтілуде, мұнда педагогтер қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бірыңғай тәсілдерді әзірлей алады.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, мектептер мен колледждерде балалардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған практикалық қадамдар туралы жүйелі түсінік алады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап