Жаңалықтар

image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының педагог-психологтеріне арналған әдістемелік күн өтті. Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова бастаған мамандар қатысты.

Мақсат — білім беру ұйымдарында психологиялық сүйемелдеуді жетілдіріп, нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша жұмысты жүйелеу.

Жиында 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдауға арналған республикалық Референдум мақсаттары мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру бағыттары талқыланып, буллингтің алдын алу және кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап