Жаңалықтар

image description
icon

КЕҢЕС БЕРУ САҒАТЫ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақ әйелінің бейнесі — еркін мәдени субъект» тақырыбында жас қыз балаларға арналған кеңес беру сағаты өтті.

Іс-шара «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру» атты ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылды.

Мақсат — жас қыздардың тұлғалық дамуына қолдау көрсетіп, заманауи қоғамдағы рөлін айқындау арқылы өзіндік санасын нығайту, еркін ойлау қабілетін дамыту және қауіпсіз орта қалыптастыру негіздерін бекіту.

Шараға университеттің психология мамандығының 1-курс студенттері мен музей мамандары қатысты.

Кездесуге «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиында сталкингке қарсы қоғам қалыптастыру, жеке жауапкершілік пен өзара құрмет қағидаттарын орнықтыру, психологиялық қауіпсіз орта құру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, білім алушылармен жеке шекараны сақтау тақырыбында тренингтер өткізілді, ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, тәжірибелік кеңестер берілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап